Елордадан Қарағандыға жол жүрген жүкті әйел жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордадан Қарағандыға жол жүрген жүкті әйел жоғалып кетті Александр Ершов пен Гүлнар Сәрсенова. © tengrinews.kz

Жүктіліктің алтыншы айындағы 32 жастағы әйел Нұр-Сұлтан маңындағы ауыодан Қарағандыға жолға шығып, жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүктіліктің алтыншы айындағы 32 жастағы әйел Нұр-Сұлтан маңындағы ауыодан Қарағандыға жолға шығып, жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еріктілер мен полицияға Гүлнәр Сәрсенованың жоғалып кеткенін Александр Ершов хабарлаған, ол әйелмен бірге тұрады. Ер адам жүкіт келіншек 14 қаңтарда таксимен шығып кеткенін, бірақ телефоны Қосшы ауылынан төрт шақырым жерде сөнгенін айтты.

Александрдың айтуынша, ол Қарағандыға азаматтық әйелін іздеуге тоғыз рет барған, бірақ сәтсіз.

"Ең қызығы, туыстарына да, анасына да, ешкімге бармаған", - дейді ол. - Ол телефонға үнемі үңіліп отыратын адам. Ал қазір Одноклассник, WhatsApp пен Instagram-ға да кірмеген".

Гүлнар Қарағандыда дүниеге келген, бұрын 13-ші шағын ауданда тұрған. Қазір Нұр-Сұлтаннан бес шақырым жердегі Қосшы ауылында тұрады. Александр әйелімен жанжал болмағанын және оның туған қаласына не үшін барғанын білмейтінін айтты.

Ол Қарағандыдағы полиция бөлімі әйелдің тіркелген жері бойынша берген өтінішін қабылдамағанын айтты. Сондықтан еріктілерге жүгінген. Ер адам подъездегі бейнебақылау камераларының жазбасын қараған кезде, видео өшірілген. Ол тек жеті күн сақталады.

Александр Гүлнардың қайда екенін білетін адамдардан көмек сұрады.  

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер бұл жағдайға басқаша түсінік берді. Олар өтініш ұрлық дерегі бойынша СДТБТ-де тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша әйелдің орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Rina.kz еріктілердің айтуынша, олармен "Индрайвер" такси сервисінің өкілдері хабарласып, Гүлнарды алып кеткен жүргізушіні іздестіруге уәде берді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел табылған. Алайда оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети