Елордаға бұрынғы атауы қайтарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының  елордасы - Астана қаласы деп өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлықта. 

Бұған дейін Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын өзгертуді қолдап, дауыс берген болатын. Елорда атауын Астана деп өзгерту "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген. Елорда мәслихатында қоғамдық тыңдаулар өтіп, онда депутаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдады.

Еске салайық, қыркүйектің басында "Жаңа Қазақстан" депутаттары елорданың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған еді.

Бастамаға тоқталған премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұл идея қоғамда бұрыннан талқыланып келе жатқанын айтты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев болса, бұл ұсыныста "ешқандай саяси астар жоқ" екенін айтты.

Кейін Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Тоқаевтың келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл ұсынысқа қатысты пікір білдірді.

Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейтіні де айтылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro