Елордалық дәрігер Алматы маңындағы Bek Air ұшағы апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық дәрігер Алматы маңындағы Bek Air ұшағы апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қайғылы жағдай. Бортта біздің екі қызметкер болды. Арман Исина мен Салтанат Мұқашева келісімшарт бойынша ауруларды басқару бағдарламасының үйлестірушісі болды. Мұндай жаңалықтарды оқу қорқынышты... Қаза тапқандардың тізімінен... Ол бірнеше жыл бұрын бір облыста ауруларды басқару бағдарламасының пилот жобасын енгізіп, кейін ол жобаны бүкіл Қазақстан бойынша енгізді. Иманды болсын.
Салтанат Мұқашева қазір ауруханада. Тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. № 10 қалалық аурухананың ұжымы мен мекеме басшысы Гүлнар Алпысбекованың атынан әуе апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтады. Бекем болыңыздар", - делінген емхананың Facebook желісіндегі парақшасында.
Bek Air ұшағы апаты: Тікелей трансляция
Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған болатын. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе апаты салдарынан 7 адам қаза тапқанын мәлімдеген. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.
Әуе апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланды
ИИДМ мәліметінше, ұшақ көтерілу кезінде биіктік жоғалтып, бетон қоршауға соқтығысқан. Екі қабатты ғимаратқа соқтығысқан. Дереу құтқару шаралары басталып, өрттің алдын алды.