Елордалық еріктілер сенбілік кезінде белгісіз зат салынған күмәнді пакет тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық еріктілер сенбілік кезінде белгісіз зат салынған күмәнді пакет тапты Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Елордада сенбілік кезінде волонтерлер күдікті зат тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада сенбілік кезінде волонтерлер күдікті зат тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 16 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Қаланың 150 волонтері мен белсенді жастары Есіл өзенінің жағалауындағы қоқысты тазалауға шықты.

Ырыскелді қажы мешітінің маңындағы Есіл өзенінің жағалауын жинау кезінде волонтерлерді үйлестірушілердің бірі салмағы 2-3 келі болатын күмәнді пакет тапты.

"Волонтер дереу полиция департаментінің қызметкерлеріне хабар берді. Осыдан кейін табылған заттың ішінде не барын анықтау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды. Экологиялық акцияның пайдасы қоршаған ортаны тазалаумен ғана емес, адам өміріне зияны тиюі мүмкін осындай заттарды табумен де маңызды. Елордамыздың волонтерлері нашақорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік мәдениетін насихаттап жүргені қуантады. Біз елордалық жастардың бәрін осыған шақырамыз", - деп атап өтті қаланың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Әкімдік сенбіліктерге белсенді қатысқан қала тұрғындары мен қонақтарын күдікті заттар табылған жағдайда дереу полиция органдарына хабарлауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети