Елордалық жұмыс берушілер үшін мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленді

02 Қараша 2016, 16:18
0
Елордалық жұмыс берушілер үшін мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленді - © Frant.me
© Frant.me

Астана қаласының әкімдігі жұмыс берушілер үшін мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын анықтауды қаулы етті, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық билік елордалық жұмыс берушілер үшін мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеуді қаулы етті. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлім болды. Отырыс барысында 5 нормативтік құқықтық актінің жобасы қаралды.

"Астана қаласындағы жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» жобасы жайлы Астана қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Олжас Омар баяндама жасады. Қаулы жобасымен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету қарастырылған.

Егер ұжым құрамында елу және одан да көп адам есепте болса, онда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 2 пайызды құрауы қажет. 101-ден 250 адамға дейін - жұмысшылардың тізімдік санының 3% пайызы мөлшерінде, егер кәсіпорын ұжымы 251 адамнан жоғарыны құраған жағдайда, мүгедектерге арналған жұмыс квотасы жұмысшылар санының 4 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, жобада астаналық жұмыс берушілерге жұмыс орындарын ұсыну қажет болатын тұлғалардың санаты көрсетілді. Олардың арасында бас бостандығынан айыру орындарынан босаған пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар да бар. Жұмыс квотасы жұмыс орнының жалпы санының 1 пайызмөлшерінде белгіленді.

 Жастарды жұмыспен қамту мәселесі көрсетілді. Кәсіпорын басшылары білім беру ұйымдарының бітірушілері болып табылатын, ата-анасынан айрылған немесе кәмелеттік жасқа жеткенше олардың қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс орнының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу қажет.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай