Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге 20 шілдеде Нұр-Сұлтанға жақын маңдағы Қоянды су қоймасының жағасын тазарту жұмыстарына қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, 500-ден аса адам сенбілікке қатысатынын хабарлады. Олардың арасында ҮЕҰ, түрлі қоғамдық бірлестік өкілдері, қоғам белсенділері, журналистер, сондай-ақ Қазақстанның үкімет мүшелері бар.
Айта кетейік, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Твиттерде #Birge #TazaQazaqstan акциясы басталғанын жариялап, барлық азаматтарды, қоғамдық бірлестік өкілдерін, министрлер кабинеті мүшелерін сенбілікке шақырған болатын.
Қатысам деушілерді 20 шілде күні, сағат 8:00-де, Триатлон паркте күтеміз.
Триатлон-парктің автотұрағынан (кіру Б.Момышұлы мен Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысы жақтан) экологиялық сенбілік өткізілетін жерге автобус шығарылады. Қажетті барлық жұмыс құралы сенбілік басында үлестіріледі.