Елордалық еріктілер тұрғындарға ыстық шай ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық еріктілер тұрғындарға ыстық шай ұсынды

Таңертеңнен бастап белсенді жастар шағын автобуспен қаланы аралап, елорда тұрғындарына ыстық шай таратты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таңертеңнен бастап белсенді жастар шағын автобуспен қаланы аралап, елорда тұрғындарына ыстық шай таратты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қытымыр аяздың келуі мен ауа-райының нашарлауына байланысты жастар мен белсенділерден құралған еріктілер тобы #Нұрсұлтанқайырымдықала ауқымды акциясын ұйымдастырды. Қар түскелі бері соңғы екі апта бойы еріктілерден құралған жедел топтар зейнеткерлерге, жалғыз басты қарияларға аула аумақтарын қардан тазартуға көмектесіп, қатты аяз күндері адамдар көп жиналатын жерлерде - базарларда, аялдама кешендерінде және т.б. ыстық шай таратады.

Сондай-ақ, белсенділер автокөлік иелерін бірінші кезекте балалары бар әйелдер мен қарт адамдарды тегін тасымалдауға шақырады.

Таңғы сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін, сондай-ақ кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін орталықтың 40 еріктісі қаланы аралап, аялдамаларда шай мен кофе таратты. Жастар 1500-ге жуық қала тұрғындарын ыстық сусынмен жылытты. Тоңып қалмау үшін еріктілер ауысыммен жұмыс істеді.

"Қазіргі уақытта қалада аяз күшейіп жатыр. Мектептерде сабақтар тоқтатылды. Осындай мейірімді іс-әрекеттермен біз айналаға жылылық, достық атмосферасын жасаймыз, жастарды адамдарға көмектесуге үгіттейміз. #Нұрсұлтанқайырымдықала акциясы осы қыс мезгілін толық қамтитын болады, сондықтан біз баршаңызды акцияға қосылуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырамыз. Әлеуметтік желілерде #Нұрсұлтанқайырымдықала хештегімен жақсы істеріңізбен бөлісуіңізді сұраймыз", - деді волонтер Инабат Қадырша.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети