Елордалық мемлекеттік қызметкерлер Арыс қаласында зардап шеккендерге 200 миллион теңге аударды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық мемлекеттік қызметкерлер Арыс қаласында зардап шеккендерге 200 миллион теңге аударды © Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік органдардың, қалалық мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері бір күндік жалақысын, яғни жалпы соммасы 200 млн теңгені Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына аударды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Facebook парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік органдардың, қалалық мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері бір күндік жалақысын, яғни жалпы соммасы 200 млн теңгені Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына аударды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Facebook парақшасында жазды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету және қаланы қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов құрылыс бригадасымен бірге бүгін Арыс қаласына барады. "Түркістандық әріптестерімен бірге қираған тұрғын үйлер басқа да инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіруге көмектесетін болады. Онда шатырлы лагерь орнатылып, инженер мамандары бірден іске кіріседі", - деді әкім.

Сонымен қатар, елордада Арыс қаласының 500 баласы үшін жазғы демалыс өткізуді қолға алынды. Оларға елорданың көрікті жерлері бойынша экскурсиялар, концерт бағдарламалары өткізіледі. Балалар үймен, қажетті заттармен, киіммен, мектепке қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

"Халықтың бірлігі осындай қиын сәттерде танылады. Еліміздің әрбір азаматы Арыс қаласының тұрғындарына алаңдаушылық білдіріп отыр. Өз кезегінде астаналықтар зардап шеккендерге көмек көрсетуден шет қалмайды", - деп қорытты Алтай Көлгінов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети