Елордалық тұрғындар ауыз сусыз отыр

Елордалық тұрғындар ауыз сусыз отыр © pixabay.com

Елордалық тұрғындар ауыз суды дүкеннен сатып алуға мәжбүр болып отыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық тұрғындар ауыз суды дүкеннен сатып алуға мәжбүр болып отыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Осыдан төрт жыл бұрын жүргізілген орталық су құбыры мен кәріз желісі "Достық" тұрғын алабына әлі күнге дейін қосылмаған екен. 

Алматы ауданына қарасты "Достық" тұрғын алабында тұратын әрбір үйде қазылған құдық бар. Десе де су ішуге жарамсыз, тым ащы. Оны тек тұрмыс жағдайында ғана пайдаланып жүр. Ал ауыз суды көшенің бас жағындағы орталық құдықтан алады. Кейде дүкеннен сатып ішуге мәжбүр. 

Тұрғындардың тағы бір мәселесі қалдық су. Көпқабатты тұрғын үй кешенінен шыққан лас су олардың мазасын қашырған. Кәріз суы жер бетіне кілкіп шыққан. Ал оның жағымсыз иісі қолқаны қабады. Тұрғын алабындағылардың басым бөлігі орталық кәріз желісіне қосылмапты. Оған рұқсат жоқ. Жергілікті ақтқамінерлердің айтуынша, көпқабатты үй тұрғындары болса оған заңсыз қосылған екен. 

"Қазіргі уақытта бақыланып жатқан құбырлардың, құдықтардың су басу мәселесіне "Достық" тұрғын алабының тұрғындарының қазіргі уақытта жұмыс жасамайтын кәріз желілеріне өз еркімен қосылу себеп болып отыр. Кәріз жүйесі мен су құбырлар желілеріне қосылу үшін тұрғындарға "Астана су арнасынан" техникалық шарттарды алып, содан соң ғана қосылуға болады", - дейді қалалық көлік және жол-көлік инфроқұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы Руслан Абдуалиев.

Әкімдік өкілдері "Достық" тұрғын алабына кәріз және су құбырлары әлдеқашан тартылып қойғанын жеткізді. Бірақ әлі іске қосылмаған. Оны қосу үшін көршілес жатқан елді мекендерге құбыр тарту жұмыстары аяқталуы тиіс екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети