Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елорда тұрғындарды демалысты үйде өткізуге және адам көп жиналған орындарға бармауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елорда тұрғындарды демалысты үйде өткізуге және адам көп жиналған орындарға бармауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Санитар дәрігердің айтуынша, COVID-19 таралуы бойынша Нұр-Сұлтан әлі де "қызыл аймақта".
"Қаладағы жағдай күрделенбеуі, қатаң шектеулерді қабылдамау үшін, осы күндері үйде болу, адам көп жиналатын орындарға бармау және үлкен жиындар өткізбеу керек. Жағдайды тұрақтанбаса шектеу шаралары күшейтіледі. Барлық тұрғындарды санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауға шақырамыз. Карантин тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған", - деді Пірәлиева.
Сауда орталығына, дүкендерге барған кезде маска тағу тәртібі мен арақашықтықты қатаң сақтау, санитайзер қолдану керек.
Айта кетейік, сауда үйлері мерекелік демалыс - 16,17,18 желтоқсан күндері әдеттегідей, 19 желтоқсанда 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!