Жасыл белдеуге жетісу қырғауылы жерсіндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жасыл белдеуге жетісу қырғауылы жерсіндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазір бұл табиғи оазисте мыңдаған құстар мен жануарлар мекендейді. Белдеудің өзі қаланың дүрбелеңінен шаршаған жүздеген астаналық үшін жайлы демалыс орнына айналды. Мұнда қоян, қарсақ, түлкі, кекілік бар. "Астана Орманы" ЖШС бас агрономы Ардақ Хасенов белдеуде қояндар саны артқанын айтады.
"Қыста олар жыл сайынғы өсіп-өну арқылы әртүрлі ағаштардың жас көшеттерін бүлдіреді. Қоян біздің қолдан жасалған орманның биоценозының бір бөлігі болғандықтан, біз жас көшеттерді оларды үркітетін дәрілермен ғана өңдей аламыз. Табиғи орманда түлкілер мен басқа да жыртқыш аңдар мұндай жануарлардың санын реттейді. Ал біздің жағдайда қояндардың табиғи жауының - түлкі мен қарсақтың санын көбейту үшін уақыт қажет", - дейді Хасенов.
Жасыл белдеу фаунасының түрлік құрамын арттыру үшін 2010 жылдан 2018 жылға дейін қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "Астана Ормани" ЖШС-мен бірлесіп, қырғауылдарды өсірумен (интродукциямен) айналысқан. Ол үшін 125 қырғауыл сатып алынды. 8 жыл ішінде, яғни 2010 жылдан 2018 жылға дейін бұл құстардың 9 823-і табиғатқа жіберілді.
Қазір еркін құстар көбіне жасыл белдеуде немесе жидекті бұталардың қопаларында өмір сүреді. "Босатылған барлық құстар аязға төзімді. Түнде олар қарды ықтап, ерекше қамқорлықты қажет етпейді. Қыста кейде ғана жемдеуді қажет етеді. Шығарылған құстардың бір бөлігі қоныс аударды. "Астана Орманы" ЖШС-де маусымдық жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының айтуынша, олар Целиноград және Қорғалжын аудандарының елді мекендерінде байқалған", - деп түсіндірді "Астана Орманының" бас агрономы.
Еркін қырғауылдар үнемі бақылауда. Қазіргі уақытта жетісу қырғауылын өсіруді бастау жоспарлануда. Бұл үшін былтыр биологиялық негіздеме жасалды. Биыл қырғауылдарды қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қырғауыл жәндіктермен күресудегі проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ жасыл белдеуді табиғи орман жағдайына барынша жақындатуға көмектеседі. Айта кету керек, қазіргі уақытта жасыл белдеудің жалпы ауданы 14 827 га құрайды. Онда 10,2 миллионнан астам ағаш пен 8-24 жастан аспайтын 1,8 миллионға жуық бұта өседі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!