17 сәуір 2021 | 12:23

Елорданың тағы бір сауда орталығында вакцинация пункті ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Александр Куприенко Фото: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтандағы тағы бір сауда және ойын-сауық орталықта COVID-19-ға қарсы вакцинациялау пункті ашылды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов енді астаналықтар "Хан Шатырда" коронавирусқа қарсы екпе салдыра алатынын жазды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы тағы бір сауда және ойын-сауық орталықта COVID-19-ға қарсы вакцинациялау пункті ашылды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов енді астаналықтар "Хан Шатырда" коронавирусқа қарсы екпе салдыра алатынын жазды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығында қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы егу пункті ашылды. Осы демалыс күндері тестілік режимде СОО ұжымын вакцина алады. Ал дүйсенбіден бастап (19 сәуір) азаматтар да екпе ала алады. Вакцинация пункті гипермаркеттің жанындағы бірінші қабатта орналасқан. СОО-да вакцинациялауға ниет білдірушілерді қабылдау кестесі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін вакцинация пункті Mega Silk Way-де ашылған болатын. Әкім "Keruen", "Абу-Даби Плаза" сауда және ойын-сауық орталықтарында да дайын тұрғанын айтты. Қажет болған жағдайда қала билігі қонақүйлерді де іске қосуға уәде берді. 

"Бүгін емханаларымызда болып, егу пункттерінің жұмысын сапалы ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырма бердім. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында вакцинациялау пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін артты. Жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 24:00-ге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарын вакцинациямен қамту үшін көшпелі медициналық бригадалар құрылды. Қалада барлығы 55 мыңнан астам адам вакцина алды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети