Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ку Хонг-сок Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин келіссөздерге қалай қызығушылық танытқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ку Хонг-сок Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин келіссөздерге қалай қызығушылық танытқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дипломаттың айтуынша, ол 16-17 тамызда Корея Республикасына мемлекеттік сапары кезінде Президент Тоқаевпен бірге болған.
"Бұл пандемия басталғаннан кейін шет мемлекет басшысының Корея Республикасына алғашқы сапары болды. Сондықтан, Корей азаматтарының көпшілігі бұл сапарға үлкен қызығушылық танытты", - деді Ку Хонг-сок Нұр-Сұлтандағы журналистермен кездесу кезінде.
Елшінің айтуынша, Оңтүстік Корея мен Қазақстан президенттері күні бойы бірге болған.
"Мұндай мемлекеттік сапарлар кезінде, әдетте, екі мемлекеттің екіжақты келіссөзі маңызды саналады. 17 тамызда таңертеңнен кешке дейін, екі мемлекет басшылары екі сағатты қоспағанда, бірге өткізгенін атап өткім келеді. Сондай-ақ, кездесу кезінде шай уақыты сияқты сәттер болды. Бұл мемлекет басшылары жай ғана еркін жағдайда сөйлескен уақыт. Бұл 30 минутқа жоспарланған, бірақ мемлекет басшылары келіссөздерге қызығушылық танытып, бұл бір сағаттан аса уақытқа созылды. Бірақ олар кесте бойынша басқа да іс-шараларға қатысуы керек болды", - деп бөлісті елші.
Сонымен қатар, елші 2020 жылы 10 адамды өрттен құтқарған қазақстандық Әлиакбар Юлдашев Оңтүстік Кореяда танымал болғанын айтқан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!