Ресей елшілігі Қазақстанда Георгий лентасын таратуға тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресей елшілігі Қазақстанда Георгий лентасын таратуға тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
5 мамырда әлеуметтік желілерде Қазақстанда Жеңіс күнінде Георгий лентасын қолдануға тыйым салынғаны, әсіресе Ресей елшілігіне лента таратпауға кеңес берілгені туралы ақпарат тараған еді. 6 мамыр күні бұл ақпарат Украина сайттарында тарады.
Ал Астанадағы Ресей елшілігінің баспасөз атташесі Евгений Осинин бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. "Ресей мәдениет орталығы "Георгий лентасы" аталатын шараны 24 сәуірден бері өткізіп жатыр. Кез келген адам біздің орталыққа келіп, Георгий ленталарын ала алады. Бұл акцияның өткізілмейтіні туралы әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесеттердің бәрі негізсіз", - деді ол.
Ресей мәдениет орталығы өкілдерінің айтуынша, Георгий лентасын сұрап хабарласушылар көп. "Шара 24 сәуір күні басталды. Біз ниет білдіргендердің бәріне лента таратамыз", - дейді орталық өкілдері.