Қазақстан Ресейдегі Ren-TV телеарнасына ресми хат жолдап, "112" ақпараттық бағдарламасында кеткен қателікті түсіндіріп беруді талап етпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап. Бағдарлама журналистері жедел медициналық жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан қазақстандық бизнесмен туралы айтқан кезде Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосын көрсеткен.

Айтмахановтың сөзіне қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосына қатысты болған келеңсіз жағдаймен Ресейдегі Қазақстан елшілігі айналысып жатыр. Ол жақта Ren-TV телеарнасының басшылығына арналған ресми хат та дайындалды. "Олар мәселесін мән-жайын түсіндіріп беруі тиіс. Егер ақпарат өтсе, оны жоққа шығарып, мәлімдеме жасауы шарт", - деп атап көрсетті СІМ баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, сюжетте айтылған оқиға 22 тамызда болған. Шақырту бойынша келген дәрігерлер бригадасы Rolls-Royce автокөлігінің жолын бөгеген. Шетелдік көліктің иесі жанжал шығарып, "жедел жәрдем" жүргізушісін ұрып-соққан. Rolls-Royce қожайынына бірнеше ер адам көмекке келеді. Олардың әрекетінен жүргізушіге араша түскен фельдшер де таяқ жеп қалды.
26-27 тамыз күндері көрсетілген "112" бағдарламасында журналистер Rolls-Royce иесі туралы толық әңгімелемек болды. Сюжетте күдіктінің Мәскеудің 55 жастағы тұрғыны екені айтылды. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті көрсетілді, ал кадр сыртындағы жүргізуші "Міне, мынау - астананың 55 жастағы тұрғыны Жомарт Қаменов" деді.
Журналистер "қазақстандық бизнесменнің үйіне милицияның жиі келетінін" айтты. Сюжетте оның көршілері Rolls-Royce қожайынының "қызуқанды қазақ" екенін баяндады. "Мұнда милиция автоматпен де келіп, оны іздеген", - дейді Қаменовтің көршісі.
"Соңғы 10 жыл ішінде қазақстандық беймәлім бизнесмен астанада (Мәскеу - Авт.) кәсібін жақсы дөңгелетті", - деп әңгімелейді ресейлік журналистер. Олардың мәліметінше, Қаменов - "Медстройинвест" компаниясының қожайыны.
Оның компаниясының арқасында Жомарт Қаменовтің шын мәнінде түрі қандай екені белгілі болды. 2010 жылы кәсіпкер "Медстройинвесттің" Мәскеудегі 12-ші балалар ауруханасын сүріп тастағаны жөнінде сұхбат берген.
Қазіргі кезде сыртқы істер министрлігі Жомарт Қаменовта Қазақстан азаматтығының бар-жоғын анықтап жатыр.