Ең жас министр қазақ тілін қалай үйреніп жатқанын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ең жас министр қазақ тілін қалай үйреніп жатқанын айтты Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев күн сайын бір жарым сағатын мемлекеттік тілді үйренуге жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев күн сайын бір жарым сағатын мемлекеттік тілді үйренуге жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күнделікті 1,5 сағатты маманмен қазақ тілін үйренуге жұмсаймын. Жақын арада таза қазақ тілінде сөйлеуге уәде беремін. Ұлттық экономика министрлігі бөлімшесінде арнайы қызметкер бар, ол маған қазақ тілін үйретеді", - деп жауап берді министр ОКҚ брифингінде журналистердің сұрағына.

Оның айтуынша, министрлік қызметкерлері оған жұмыс барысында көмектеседі екен.

"Кез келген министрлікте, мемлекеттік органда құжаттарды аударумен айналысатын аудармашылар бар. Олардың арасында қазақ тілін жетік білетін қызметкерлер де бар. Біз бірге отырып, әр сөзімізге дайындаламыз. Оларда бірнеше жыл бойы жинақталған әдістемелік база бар. Сол әдістемелік базаны пайдалана отырып, мен қазақ тілін үйренемін", - деді Ерғалиев.

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов жаңа ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке ескерту жасады.

"Сіз Мәжілісте бірінші рет болғандықтан, ұсыныс айтуға рұқсат етіңіз. Қазақ тілінде қойылған барлық сұраққа рұқсат сұрамастан, орыс тілінде жауап бересіз. Жасыңызға қарамастан, 18 миллион адамның арасынан министр болуға лайық болдыңыз. Ана тілінде жауап беруге дайын болмауыңызды ұят деп санаймын", - деді депутат Берік Дүйсембинов Мәжіліс отырысында.

Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрлігін 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап басқарады. Ол Қазақстан тарихындағы ең жас министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети