ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті үстіміздегі жылдың шілдесінде Қазақстанда биыл балаларға ең көп қойылған есімдерді атаған болатын. Ал Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. Ендігі кезекте осы ең көп таралған есімдердің жаңа әліпби жобасы бойынша қалай жазылатынын анықтап көрейік.

Сонымен, елімізде 2017 жылы ұлдарда Әлихан, ал қыздарда Айзере есімі көп қойылған. Жаңа әліпби нұсқасы бойынша бұл есімдер Aelihan және Ajzere болып жазылады. Олардан кейін қыздарда Айару - Ajarw, Раяна - Rajana. Ұлдарда Айсұлтан - Ajsultan, Нұрислам - Nurislam, Рамазан - Ramazan.
Ал ең сирек кездесетін есімдер келесідей. Қыздарда: Іңкәр - Ingkaer, Диана - Diana, Аяла - Ajala. Ұлдарда: Ислам - Islam, Дамир - Damir, Дінмұхаммед - Dinmuhammed.
Айта кетейік, қазіргі уақытта әлеуметтік желі қолданушылары жаңадан ұсынылған латын әліпбиінің нұсқасы бойынша өз есімдерін жазып көріп жатыр. Бірі көзге үйреншікті болмағанын айтып жатса, екіншілері қазақтың төл дыбыстарының қос әріппен берілуіне наразы. Ал кейбірінің есімі оңай жазылғандықтан, еш қиналмағанын айтқан.
Жаңа латын әліпбиінің үлгісі:
Айта кетейік, мұның алдында әліпбиді құрастырғандар онда не себепті 25 әріп қана бар екенін түсіндірген еді. "Біз белгілер мен әріптерді санамауымыз қажет. Дыбыстарды санауымыз қажет. Барлық қазақ дыбыстары бар ма? Әліппедегі 42 әріп - қолдан жасалған. Мұндай дыбыстар қазақ тілінде жоқ. Бар болғаны 28 дыбыс. Айталық, ағылшын тілінде 44 дыбыс, олар оны 26 белгі арқылы қолданады. Ал бізде керісінше, 28 дыбыс бар да, 42 әріп жасап алғанбыз. Бұл дұрыс емес", - деп пікір білдірген болатын филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов ОКҚ баспасөз мәслихатында.