Ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын - Тоқаев Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік.

Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек.

Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети