Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізде барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін жалақы төлеу жүйесі бірдей. Онда жалақының мөлшері еңбек өтіліне, қызметіне байланысты қаралатыны айтылған. 650 мың теңге", - деді Ақмәди Сарбасов журналистердің сұрағына жауап беру кезінде.
Ақмәди Сарбасов еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне 2019 жылы мамырда тағайындалған.
Осыған дейін, білім және ғылым вице-министр Рүстем Биғара өзінің жалақысы туралы айтқан еді.
Сарбасов Ақмади Әділұлы 1977 жылы 4 қазанда БҚО Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Еуразия гуманитарлық университетін, Орталық Қазақстан академиясын, Назарбаев Университетінің жоғары мемлекеттік саясат мектебін және Сингапурдағы Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған.
1999 жылдан 2005 жылға дейін Әділет министрлігінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінде әр түрлі лауазымдарды атқарды.
2005-2013 жылдары халықты жұмыспен қамту және еңбек заңнамасының сақталуы мемлекеттік бақылау департаментінде, заң департаментінде, еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінде және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінде жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып жұмыс істеді.