Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов Қазақстанда ана капиталын енгізу мәселесі бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов Қазақстанда ана капиталын енгізу мәселесі бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ана капиталы уақытша және елдегі туу көрсеткішін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Ана капиталы сертификат түрінде бір рет немесе екі рет тұрғын үй жағдайын жақсарту, балаларға білім беру, мүгедек баланы қоғамға бейімдеу, ана зейнетақысының жинақтаушы бөлігі сияқты мақсаттарға беріледі", - деді Ниязов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, сертификат иелерінің бәрі ана капиталын пайдалана алмайды.
"Мысалы, тұрғын үй сатып алу үшін ипотеканы ресімдеу кезінде бастапқы жарна ретінде соманы енгізу үшін төлем қабілеттілігін дәлелдеу қажет, ал балаларды оқыту үшін мектепті аяқтауын күту қажет.
Біздің еліміздегі ана мен баланы қолдаудың қолданыстағы жүйесі бүкіл ұзақтығы ішінде жәрдемақыларды төлеудің уақтылығы мен кезеңділігіне кепілдік береді. Сонымен қатар, бүгінде бала туу көрсеткішін арттыру мәселесі Қазақстанда проблемалық аспект саналмайды. Өйткені бала туу коэффициенті 2020 жылы 3,13-ке жетті, ал жеткілікті деңгей 2,1 саналады", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, ол бала күтімі бойынша төлем мерзімін ұлғайту мәселесін түсіндірді.
"Әлеуметтік кодексті әзірлеу үшін құрылған жұмыс тобы аясында бұл мәселе бойынша түрлі тәсіл пысықталып жатыр. Оларды қарау қорытындысы бойынша, бюджет комиссиясы қолдау көрсеткен жағдайда, әзірленіп жатқан әлеуметтік кодекс шеңберінде жақсартылған норманы қарастырамыз", - деп түйіндеді Ниязов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!