Еңбек министрлігі ең төменгі жалақы өсетінін жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек министрлігі ең төменгі жалақы өсетінін жариялады Фото:depositphotos.com

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру бойынша үкіметтің жоспарлары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру бойынша үкіметтің жоспарлары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Жақыпова 2024 жылы Еңбек министрлігі алғаш рет ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесін бекіткенін айтты. Бұл әдістеме еңбек өнімділігін, нарықтағы медианалық жалақыны және инфляция деңгейін ескереді.

"Қазіргі уақытта бірнеше институт еңбек өнімділігі, медианалық жалақы бойынша өңірлік және салалық бөліністе нақты көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатында зерттеулер жүргізіп жатыр. Осы деректер ЕТЖ-ні есептеудің негізіне алынады", – деп түсіндірді Жақыпова.

Министрдің айтуынша, нақты сандар зерттеулер аяқталғаннан кейін белгілі болады.

"Зерттеулерді жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ мөлшерін арттыру үшін", – деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети