Еңбек министрлігі Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек министрлігі Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін атады Фото ©️ Tengrinews.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі жыл басынан бері өзгерген жоқ.

"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Жұмыспен қамтылғандар қатары жалдамалы жұмыскерлер есебінен өсіп отыр, олардың саны 7,1 миллион адамға жетті, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны – 2,1 млн адам", - деді Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде халықтың саны өсіп жатыр. Соның нәтижесінде жыл сайын еңбек нарығына келіп жатқан жастардың қатары артады. Болжам бойынша 2035 жылға дейін бұл көрсеткіш жылына 360 мың адамға дейін өсуә мүмкін. Бұл еңбек нарығына қосымша салмақ түсіреді.

Сондай-ақ, Асқар Биахметовтың мәліметінше, осы бастамалар аясында оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге еңбек көші-қонын ынталандыру шаралары кеңейтіліп жатыр. Оған қосымша әлеуметтік қолдаудың кеңейтілген топтамасын ұсынуға және қоныс аударушыларды жаңа жерге кешенді бейімдеуге бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети