Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнет жасы өзгеретіні туралы хабарламаға түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнет жасы өзгеретіні туралы хабарламаға түсініктеме берді © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнет жасының өзгеруі туралы хабарламаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнет жасының өзгеруі туралы хабарламаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазба авторы әлеуметтік желіде енді ерлер 61 жастан, әйелдер 57 жастан зейнетке шығатынын айтқан. 

"Мессенджер мен әлеуметтік желіде Қазақстанда зейнет жасының өзгеруі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адамдар 63 жаста, әйел адамдар 59 жарым жасында зейнетке шығады", - дейді министрліктің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ведомство мәліметінше, Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болған жағдайда зейнетақы аннуитеті құқығын пайдалана алады (зейнет жасына жеткенге дейін шығу). Зейнетақы аннуитеті ерлер үшін 55 жас, әйелдер үшін 51 жарым жыл. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады.

"Азаматтардан фейк жаңалықтарға мән бермеуін, тек ресми жаңалықтарды бақылауын сұраймыз. Еске салайық, жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады", - дейді ведомство өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети