Еңбек министрінен 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтару сұралды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек министрінен 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтару сұралды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай сұраныс "Ашық диалог" порталындағы Еңбек министрінің блогына жіберілді. Ер адам Еңбек министрлігінің басшысынан 17 желтоқсанда демалыс күні мәртебесін қайтару мүмкіндігін қарастыруды сұраған.

"Олар 25 қазан - Қазақстан Республикасы күні демалыс күні мәртебесін қайтарды, бірақ 1 және 17 желтоқсанды алып тастады. Мен түсінемін, бәлкім, Еңбек министрлігі еңбек пен демалыстың тепе-теңдігіне сүйенген шығар, бірақ біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, 17 желтоқсан әрқашан мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болғанына үйреніп қалғанбыз", - деп жазды үндеу авторы.

Бұған жауап ретінде Тамара Дүйсенова Қазақстанда тойланатын мерекелердің құқықтық негіздері "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңмен реттелетінін айтты.

"Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері.

16 желтоқсан - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты күн болғандықтан мемлекеттік мереке. Ал еске алу күні - 17-18 желтоқсан. Осыған байланысты 17 желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде атап өтуді орынсыз деп санаймыз", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети