13 желтоқсан 2021 10:13

Еңбекмин 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшерін атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 1 желтоқсандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 1 желтоқсандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы зейнеткерлер саны 2 миллион 233 мыңға жетті.

"2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда) 99 726 теңге болды", - делінген хабарламада.

2021 жылдың қаңтар-қарашасында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 750,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне - 1 триллион 696,4 миллиард теңге бағытталған.

2021 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге - 153,2 миллиард теңге бағытталды.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 233 мың адам болған.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 99 726 теңге болды.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі – МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74 пайызды, 30 жыл - күнкөріс құнының 94 пайызын құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100 пайыз жоғары мөлшерінде белгіленеді.

Егер бір ай ішінде МЗЖ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети