Еңбекмин басшысы 2025 жылға арналған зейнетақы мөлшерінің болжамын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбекмин басшысы 2025 жылға арналған зейнетақы мөлшерінің болжамын жариялады Фото ©️ Турар Казангапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2025 жылға арналған базалық зейнетақы мөлшерінің болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2025 жылға арналған базалық зейнетақы мөлшерінің болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтегі брифингте Еңбек министрлігінің басшысынан келесі жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай өзгеретіні сұралды.

"Бүгінде базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері шамамен 42 мың теңге болады. Болжам бойынша, келесі жылдан бастап индекстеу 44 мыңға жуық болады. Базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақының орташа мөлшері бүгінде шамамен 152 мың, ең көбі 197 мың теңге болады. Индекстеуді ескере отырып, бұл барлық көрсеткіш көтеріледі", - деп жауап берді Светлана Жақыпова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети