21 тамыз 2021 | 11:28

Енді алматылық полицейлер қала ішінде мотоциклмен жүреді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: almaty.tv

Алматы полицейлеріне мотоцикл берілді. Бұл туралы қалалық ДП баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлеріне мотоцикл берілді. Бұл туралы қалалық ДП баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

"Патрульдік полиция мен жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына 20 КТМ мотоциклі берілді.

Олар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелісті реттеу және жол-көлік оқиғасы болған жерге тез жету үшін пайдаланылады", - делінген министрлікте.

Полиция мәліметінше, қызметкерлер алдын ала мотоцикл жүргізуді меңгерген.

Реклама
Реклама

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл мотоциклдер тез әрекет етуге мүмкіндік береді, оқиға болған жерге жетуді тездетеді және мегаполис жолдарындағы жағдайды жақсартуға көмектеседі.

Айта кетейк, бұған дейін 20 электрсамокат сатып алу жоспарланғаны хабарланған болатын. Бұл мақсатқа жұмсалмақ болған нақты сома аталмаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram