28 наурыз 2021 11:53

Алматы полицейлеріне қанша электрсамокат сатып алынады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: nvdaily.ru Фото: nvdaily.ru

Алматы қаласының Полиция департаменті полицейлерге қанша электрсамокат сатып алынатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының Полиция департаменті полицейлерге қанша электрсамокат сатып алынатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент электрсамокаттағы патрульдер ауа райы тұрақталған кезеңнен бастап көшелерге шығатынын айтты. Полиция қызметкерлері саябақтар мен алаңдардағы тәртіпті бақылайды.

"Сондай-ақ, патруль Сайран көлі, Есентай, Алматы өзендерінің жағалауларында жұмыс істейді", - деп хабарлады ПД өкілдері.

20 электросамокат сатып алу жоспарланған. Оған жұмсалатын нақты сома әлі анықталған жоқ.

"Қазіргі уақытта электросамокаттарды сатып алуға жоспарланған ақша сомасы нақтыланған жоқ", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Айта кетейік, ақпанның басында Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов қала полицейлері электрсамокатпен жүретінін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети