Қазақстандық әуекомпаниялар жолаушыларды қара тізімге енгізуді шектеуі мүмкін. Ұсыныс туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Берік Қамалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әуекомпаниялар жолаушыларды қара тізімге енгізуді шектеуі мүмкін. Ұсыныс туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Берік Қамалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік Мәжілісте көлік мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды. Онда қазақстандық әуекомпанияларға жолаушыларды қара тізімге тек сот шешімі бойынша енгізуге рұқсат беру ұсынылды.
Бұл ұсынысқа депутат Альберт Рауға күмән келтірді.
"Қандай халықаралық тәжірибе бар? Бізге түрік әуежелілері келеді. Олар тізімге қалай енгізеді? Егер Lufthansa бортында адам ережебұзушылық жасаған болса, тасымалдаушы оны өздігінен тізімге енгізеді. Неліктен бізде сот шешімі бойынша заң жобасы ұсынылады?", - деп сұрады депутат.
Вице-министр Камалиевтің айтуынша, қазір Қазақстанның әуекомпаниялары жолаушыларды қара тізімге енгізу туралы шешімді өздері қабылдайды.
"Қазір 99 пайыз жағдайда "Эйр Астана" осылай жасайды, олардың өз тізімі бар. "Эйр Астанаға" қатысты бір жағдай болды. Шымкенттен бір әйел ұшып келді, ол тіркеу кезінде оны қорлағанын айтты. Әдетте әуежай қызметкерлері тіркеу жүргізеді, бірақ "Эйр Астанада" әуекомпания тіркеуді өзі жүргізеді. Әйел тізімге енгізілген. Біз анықтағанымызда, балалар жүгіріп, ойнағаны белгілі болды, оның бір баласы - аутист. Мұндай жағдайлар бар(...) Сондықтан, тек сот шешімі бойынша ғана әуекомпаниялар ережебұзған адамдарды тізімге енгізуі керек", - деп түсіндірді Қамалиев.
Ол әуежайға келген кезде әуекомпания өкілдері әкімшілік хаттама жасай алатынын және сот шешімі шыққанға дейін құқықбұзушы уақытша қара тізімге енетінін айтты.
"Бізде көптеген даулы мәселе бар. Ол авиация қызметкерлері, әуежайлар мен әуекомпания қызметкерлеріне де қатысты. Әзірге өтпелі кезеңде осындай түзетулер енгізіп жатырмыз. Азаматтардың конституциялық құқығына нұқсан келтірмеу үшін", - деді бірінші вице-министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!