Енді қазақстандықтар азаматтық хал актілерін кез келген аймақта тіркей алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Енді қазақстандықтар азаматтық хал актілерінің барлығын тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан, кез келген жерден ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Енді қазақстандықтар азаматтық хал актілерінің барлығын тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан, кез келген жерден ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы заңға енгізілген түзетулер бүгін Парламент Сенатында қабылданған заң жобасында қарастырылды.

Жаңашылдық баланың тууына, некені тіркеу мен ажырасуға, аты-жөні мен тегін өзгертуге, қайтыс болуқұжаттарын тіркеу сияқты қызметтерді қамтиды. Еске салайық, бұрын қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұрғылықты тіркеу орны немесе тіркеу жазбасының орналасқан жері бойынша мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне немесе АХАТ бөліміне хабарласатын. Енді азаматтық хал актілеріне қатысты 5 түрлі қызметті кез келген ХҚО-дан немесе АХАТ-тан алуға болады. Бұл керекті құжаттарды аз уақыт ішінде алуға және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмауға мүмкіндік береді.

0"Бұрын құжаттарды рәсімдеп алу үшін өтініш беруші тіркеу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тіркеуші органға хабарласып, 5-тен 30 күнге дейін жауап күтетін, бұл қызмет алушылар үшін қолайсыздық пенқосымша қағазбастылықты тудыратын. Мәселен, егер азамат бір аймақта тегін өзгерту туралы өтініш білдірсе, мемлекеттік орган өзге аймақтан - оның туған жерінен қосымша мәліметтерді сұрататын. Тиісінше, қызмет көрсету уақыты ұзаратын", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жаңашылдық, сонымен қатар өтініштіонлайн беру бағытын да қамтиды (неке, ажырасу бойынша мемлекеттік қызметтер). Егер бұрын қызмет алушы кезкелген аймақтан egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беріп, бірақ дайын құжаттарды тек тіркелген жері бойынша алса, енді экстерриториалдытәртіп азаматтардың іс-әрекетіне шектеу қоймайды. 

Жалпы, заңға ұсынылған түзетулердің 70 пайызы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыруға мүмкіндік береді. Электрондық форматқа көшу құжаттарды қабылдау уақыты мен олардың санын қысқартады, әкімшілік кедергілерді жояды және қызметтерді алу процесін жеңілдетеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro