Енді қазақстандықтар елге ПТР-анықтамасыз орала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Енді қазақстандықтар елге ПТР-анықтамасыз орала алады

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қазақстандықтардың ПТР-анықтамасыз елге орала алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қазақстандықтардың ПТР-анықтамасыз елге орала алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) 26 қазаннан бастап халықаралық әуетасымалдарын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тест нәтижелері туралы анықтамасыз жолаушыларды отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Бұл талап тек шетелдіктерге қатысты. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасыз отанына оралуға құқығы бар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстеріне қонған кезде де ПТР-тест нәтижелері туралы анықтама талап етілмейтіні айтылады.

Еске салайық, мұның алдында көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер 26 қазаннан бастап қазақстандықтарды коронавирусқа ПТР тестін тапсыру туралы анықтамасыз ұшақ бортына жібермейтінін мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети