18 наурыз 2024 | 12:59

Енді қазақстандықтар өз-өзіне құмар ойын ойнауға тыйым сала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Енді қазақстандықтар өз-өздеріне құмар ойын ойнауға тыйым сала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Енді қазақстандықтар өз-өздеріне құмар ойын ойнауға тыйым сала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп ҚР азаматтары мен резиденттерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеу жөніндегі қызметті автоматтандыру бойынша жұмысты аяқтады.

Бүгінгі күннен бастап Қазақстан азаматтары, сондай-ақ, ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге өздерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеу туралы өтініш бере алады.

Бұл рәсім "Ойын бизнесі туралы" ҚР Заңының 15-1 бабында көзделген және автоматтандыруға дейін тиісті тұлғаларды өзін-өзі шектегендер тізіміне қосу 8 жұмыс күні ішінде қағаз форматта жүзеге асырылды.

"Жаңа қызмет өтініштерді өңдеу мерзімін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматқа, ең алдымен құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін тұлғаларға барлық лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Өзін құмар ойындарға қатысудан шектеу үшін ҚР азаматына немесе резидентіне өз телефонына eGov mobile мобильді қосымшасын жүктеп, электрон цифрлық қолтаңбаны жасап алу керек. Өтініш ЭЦҚ мен өтінімге қол қою арқылы онлайн беріледі.

"Өтініш бергеннен кейін сервис өтінішті дереу тіркейді және өтініш берген тұлға өтінішті қайтарып алу құқығынсыз 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан шектелген адамдардың тізіміне енгізіледі. Бұл ретте, құмар ойындарға қатысуды шектеу және бәс тігу мерзімі аяқталғанға дейін шектеуді ұзарту туралы өтініш беруге болады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети