09 қараша 2016 | 17:14

Енді ҰБТ нәтижесінің "Алтын белгімен" байланысы болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰБТ-ның жаңа форматы орта мектептерге "Алтын белгіні" аттестация қорытындысы бойынша тапсыруға құқық береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

ҰБТ-ның жаңа форматы орта мектептерге "Алтын белгіні" аттестация қорытындысы бойынша тапсыруға құқық береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлімдеді.

"Біз өз мектептерімізге, өз мұғалімдерімізге сенеміз. Орта білім туралы аттестатпен қатар, педагогтар ұжымы "Алтын белгі" мен "Үздік" аттестаттарды ҰБТ-ның нәтижесімен байланыстырмай, бере алатын болады. Әрине, комиссиялар жұмыс істейді, бұл комиссияның құрамына қамқоршылық кеңес, қоғамдық ұйымдар, ата-аналар комитеті кіреді", - деді Жаңыл Жонтаева. Оның айтуынша, аттестаттар 15 маусымға дейін беріледі.

Ол мектептердегі қорытынды аттестациялаудың тестілеуден бір ерекшелігі деп, металліздегіш құрылғылардың, турникеттердің және түлектерді тексерудің басқа да әдістері қолданылмайтынын атап өтті. 

Еске салайық, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша "Алтын белгі" иегері атанған 2 208 түлектің 45-і грантсыз қалып қойған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети