Енді балабақшаға екі жастан қабылдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Енді балабақшаға екі жастан қабылдайды © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа бағдарламаларға көшіп жатырмыз. Жас ерекшелігіне байланысты өзгерістер болады. Балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдау маңызды", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен Тамыз конференциясы барысында.

Сондай-ақ, Аймағамбетов балабақшалардың жұмысын тамызға дейін ұзартуға қатысты пікір білдірді.

"Бүгінде балабақшалар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Бірақ балалардың көбі 6 жасқа тола салысымен мектепке барып жатыр. Сондықтан балаларды екі жастан бастап балабақшаға қабылдау мәселесін көтеріп отырмыз. Сонымен қатар, балабақшаның жұмысын тамызға дейін ұзарту керек. Осыған байланысты арнайы бағдарлама әзірлеп жатырмыз", - деді министр. 

Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы мәлімдемелері

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда 2000-нан аса қазақстандық мұғалім Тамыз конференциясына қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети