Энергетика министрі АЭС салу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі АЭС салу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұраққа жауап берді Сурет Midjourney нейрондық желісі арқылы жасалынды

Энергетика министрі Алмасдам Сәтқалиев атом электр станциясына қатысты барлық мәселені бақылауында ұстайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Алмасдам Сәтқалиев атом электр станциясына қатысты барлық мәселені бақылауында ұстайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан соң министрге "Атом электр станциясына бөлінген қаржы ұрланбай ма? Салдарынан жобаның іске асуы күмәнді болмай ма?" деген сауал жолданды.

Алмасдам Сәтқалиев мәселе бақылауда болады деп сендірді.

"Атом станциясын (салу бойынша) көпдеңгейлі бақылау механизмі бар. Бұл кез келген заңсыз әрекеттің барлық тәуекелін барынша азайтатынына сенімдімін. Мен министр ретінде бұған барынша ықпал етемін. Сондай-ақ қоғам, журналистік қоғамдастық алдында қабылданған шешімдер туралы үнемі есеп беремін", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети