25 қыркүйек 2014 | 18:02

Энергетика министрі БАҚ құралдарына наразылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов Фото © Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Владимир Школьник журналистердің материалды жариялауына қатысты шағымын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі Владимир Школьник журналистердің материалды жариялауына қатысты шағымын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Парламент Сенатының пленарлық отырысынан кейін БАҚ құралдарының өкілдері Школьникке қарай бұрылып, елдегі жанар-жағармай мәселесіне қатысты пікірін білгісі келді. 

"Мен сіздермен ашық сөйлесемін, бірақ сіздер бір сөзді жұлып алып, адамды ақымақ қылып қоясыңдар", - деді министр. 

"Айтпақшы мен "Астана" телеарнасына бір сағат бойы сұхбат бердім. Сіздер маған қоятын сұрақтың барлығына мен сонда жауап бергенмін. Көріңіздер", - деді ол. 

Қыркүйек айының басында Энергетика министрі бензин тапшылығына қатысты журналистерге берген жауабында қазақстандықтарды жанармайды үнемдеуге шақырған болатын.

"Үнемдеуіміз керек, тіпті бүкіл әлем үнемдеп отыр. Мен жұртшылықты осыған шақырамын. Егер мүмкіндік болса, еңгезердей джиптермен жұмысқа келуді тоқтату керек. Астанада олай жүруге болмайды. Бір подъезде тұратын адамдардың бір көлікпен жұмысқа келуін ұйымдастыруға болады. Сондықтан мен сіздерден де сұраймын, осындай қиын кезде және бүкіл әлемде баға көтеріліп жатқан шақта, мен Германиядағы жағдайды білемін, ондағы адамдар бір көлікке отырады, болмаса, қоғамдық көлікпен жүреді. Үнемшілдікті үйренейік. Көлікті ауыстырып мінуді азайту керек, әсіресе бұл джиптермен жүретін шенеуніктерге қатысты. Міне, біз осымен айналысуымыз керек", - деді министр. 

Айта кетейік, БАҚ өкілдеріне қатысты осыған ұқсас шағымды бұған дейін басқа да шенеуніктер айтқан болатын. Мәселен өткен жылы Болат Жәмішев ҚР Өңірлік даму министрі болған кезде журналистердің мәтіннен сөйлемді жұлып алатынына назар аударған болатын.

"Мен түсінемін, егер газет басылымы болатын болса, онда кез келген мақаланы жазатын кезде, оның не айтқысы келгенін алдын ала түсіндіретін. Бірақ электронды БАҚ-та мұндай тәсіл жоқ. Сондықтан "Жәмішевтің айтқанындай мәселелер кездесіп жатады...".  "Мәселен өзіңнің айтқаныңды кейін оқып отырсаң, шынында да мен осылай айттым ба деп таңғаласың. Әрине, әңгіме не туралы болды, соны ширатпай қысқа жаза салу оңай. Төл сөзді диктафоннан жазып алып, орналастыра салады", - деді сол кезде Жәмішев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети