Энергетика министрі өңірлердегі көмір қорының аздығын түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі өңірлердегі көмір қорының аздығын түсіндірді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов кейбір өңірде көмір қоры нормадан төмен екеніне назар аударды. Оның себептерін энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов кейбір өңірде көмір қоры нормадан төмен екеніне назар аударды. Оның себептерін энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірқатар өңірде көмір қоры нормативтен төмен. Мәселе қалай шешіліп жатыр", - деп сұрады Премьер-министр Үкімет отырысында.

"Бүгінде энергия көздері қоймаларында көмір қоры шамамен 3 миллион тонна. Бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Алайда, кейбір станцияларда бұл норматив қамтамасыз етілмеген. Бұл Қарағанды ЖЭО, Теміртау МАЭС - норма 20 кезінде 15 тәулікке; Павлодар ЖЭО-да - норма 10 кезінде 7 тәулікке; Петропавл ЖЭО-да - норма 20 кезінде 17 тәулікке.

Күніне екі рет Энергетикалық қадағалау комитеті аталған электр станциялары мен ҚТЖ өкілдері қатысқан селекторлық кеңес өткізеді. Өткен кезеңде Петропавл ЖЭО-да көмірмен қамтамасыз ету толықты", - деп жауап берді Ақшолақов.

Сонымен қатар, министр журналистерге Петропавл ЖЭО-дағы логистика мәселесіне байланысты көмір беру алты күнге дейін қысқарғанын түсіндірді.

"Әр станцияда көмірдің де, мазуттың да өзіндік стандартты қоры бар. Өкінішке қарай, логистика, тасымалдауда белгілі бір мәселелердің болуына байланысты кешігулер болды, қор азайды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети