Қарағанды облысы Саран қаласындағы барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылумен қамту нысандарына қосылды. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысы Саран қаласындағы барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылумен қамту нысандарына қосылды. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жергілікті қазандықтардың, орталық жылу көздерінің, жылу желілері мен әлеуметтік нысандардың жағдайын тексеріп, жергілікті жедел штаб отырыстарын өткізді. Жылу көздерінде қажетті отын қоры бар екені хабарланды. Қаланың өнеркәсіптік нысандары өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істейді.
"Біз барлық жылу көзіне барып, жылумен жабдықтау схемасын қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысына жеткілікті егжей-тегжейлі талдау жүргіздік. Мынадай шешім қабылданды: орталық жылу көзі іске қосылғанға дейін қаланы жылумен жабдықтау жергілікті қазандықтар есебінен жүзеге асырылады. Барлық әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етілген, барлық өнеркәсіптік нысан өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істейді", – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев резервте тұрған жергілікті қазандықтардың барлығы дайындалып, іске қосылғанын айтты.
"Жылу толығымен беріледі. Қосымша қазандықтармен кеңейту қажет болған жерде жақын арада кеңейтіледі. Тұрғындар бұрын болған екі қазандық туралы сұрақ қойды, бұл үйлер басқа қазандықтарға қайта қосылды", - деп қосты әкім.
Қазір сол жерде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, оның құрамына энергетикалық қадағалау өкілдері, аймақ және басқа ведомстволар, ТЖД басшылары кірді. Орталық жылу көзіне арналған жабдықтарды жеткізуші зауыттардың мамандары шақырылды.
Тұрғын үйлерге жылу беру аяқталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!