13 сәуір 2023 | 12:15

Энергетика министрлігі бұйрығы күшіне енді: Астана мен Алматыдағы жағдай қандай?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы мен Астанада бензин мен дизель отыны бағасы Энергетика министрлігінің бұйрығы күшіне енгеніне қарамастан бұрынғысынша қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы мен Астанада бензин мен дизель отыны бағасы Энергетика министрлігінің бұйрығы күшіне енгеніне қарамастан бұрынғысынша қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласында Абай даңғылындағы Байзақов пен Манас көшелері арасында орналасқан Sinooil жанармай құю станциялары желісінің бір бөлімшесінде жанармай бағасы мынадай:

  • АИ-92 - литріне 182 теңге;
  • АИ-95 – 217 теңге;
  • АИ-98 – 235 теңге.

Дизель отыны литріне 230 теңгеден сатылып жатыр.

Жанармай құю бекетінің қызметкерлері баға жақын арада көтерілетін не көтермейтінін хабарлаған жоқ.

Шевченко мен Мұқанов көшелерінің қиылысында орналасқан Helios жанармай құю бекеттерінің тағы бір филиалында да бұрынғы баға сақталған.

Мәселен, АИ-92 литріне 180 теңгеден, АИ-95 220 теңгеден, АИ-98 230 теңгеден сатылып жатыр. Ал дизель отынына келетін болсақ, оның литрі 230 теңгеден.

Бірақ Royal Petrol желісінде баға сәл басқаша, бірақ шамамен бірдей: АИ-92 – 179 теңге, АИ-95 – 220 теңге, АИ-98 – 280 теңге.

Астанадағы "ГазПромНефть" жанар-жағармай құю станциялары желісінде жанармай құнының алматылық бағадан көп айырмашылығы жоқ. Мұнда да АИ-92 литріне 182 теңгеден, АИ-95 - 219 теңгеден, АИ-98 230 теңгеден сатылып жатыр. Ал, дизель отынының литрі - 450 теңге.

Helios-тың астаналық филиалында жанармай бағасы соған ұқсас: АИ-92 – 182 теңге, АИ-95 – 214-220 теңге, дизель – 230 теңге.

Oil желісінде де бензин бағасы кешегі деңгейде сақтап қалды. АИ-92 литрі - 182 теңге, АИ-95 - 231-238 теңге, ал дизель отыны 230 теңге тұрады.

Sinooil компаниясының Астанадағы филиалдарының бірінде де АИ-92 литрі - 182 теңгеден, АИ-95 - 215 теңгеден, ал АИ-98 мен дизель отыны 230 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 12 сәуірде кешке Энергетика министрлігінің Қазақстанда бензин мен дизель отынының шекті бөлшек сауда бағасы туралы бұйрығы күшіне енгені белгілі болды. Құжатқа сәйкес шекті бағалар:

  • АИ-92 және АИ-93 бензиндері үшін литріне 205 теңгеге дейін;
  • дизель отынына литріне 295 теңгеге дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети