Энергетика министрлігі халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша мәлімдеме жасады

01 Ақпан 2018, 16:21
20
Энергетика министрлігі халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша мәлімдеме жасады - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Энергетика министрлігі халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

"Елімізде халықты көмірмен қамтамасыз етуге қатысты жағдай тұрақты. Қазақстанның бірде-бір өңірінде қатты отынға тапшылық жоқ, ешқандай дүрлікпе байқалмайды. Тұйықтардағы үлкен кезектер және жүк машиналарының таласуы жөніндегі таратылып жатқан видеолар фейк және қазіргі уақыттағы жағдайға сәйкес келмейді", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі облыс әкімдіктерімен және "Қазақстан Темір Жолы" ҰК АҚ-мен бірлесіп өңірлерге көмірді жеткізуге тәулік сайынғы мониторинг жүргізуде, бұл мәселе тұрақты бақылауда.
2017 жылы елімізде 106,7 миллион тонна көмір өндірілді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 8,2 миллион тоннаға артық, экспортқа 29,3 миллион тонна көмір шығарылды. Қалған көмір ішкі қажеттілікке жұмсалды.

"Осы орайда Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарына 56,3 миллион тонна, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 7,1 миллион тоннаға артық көмір берілді.

Жедел деректерге сәйкес 30 қаңтарға дейінгі мерзімде өндірілген көмір көлемі 8,6 миллион тоннаны құрады. Тұтынушыларға коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 763,8 мың.тонна көмір жіберілді, яғни алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72 пайыз.

"Қазақстан Темір Жолы" АҚ мәліметіне сәйкес 2018 жылдың 30 қаңтарына дейінгі мерзімде темір жол көлігімен коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 457,2 мың тонна көмір жөнелтілді. Автокөлікпен 300 мың тонна көмір түсірілді", - дейді министрліктегілер.

2018 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР Энергетика министрлігінің жедел мәліметтеріне сәйкес көмірдің қоры мен жеткізілуі облыстар бойынша төменде берілген:

Ақмола облысы - 85,9 мың тонна; Астана қаласы - 17,2 мың тонна; Ақтөбе облысы - 2,1 мың тонна; Алматы облысы - 77,4 мың тонна; Алматы қаласы - 6,8 мың тонна; Шығыс Қазақстан облысы - 114,7 мың тонна; Жамбыл облысы - 8,9 мың тонна; Қарағанды облысы - 53,0 мың тонна; Қостанай облысы - 24,3 мың тонна; Павлодар облысы - 9,8 мың тонна.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (20)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай