Энергетика министрлігі Петропавлдағы ЖЭО апатының себебін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрлігі Петропавлдағы ЖЭО апатының себебін атады Фото: 24.kz сайтынан

Энергетика министрлігі Петропавл ЖЭО-2-дегі апаттың себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрлігі Петропавл ЖЭО-2-дегі апаттың себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 наурызда сағат 21.30-да Петропавл ЖЭО-2-де қолайсыз температуралардың (-13 С) әсерінен ашық жылу контуры салдарынан импульстік түтіктер қатып қалды. Оның себебі - 20 наурызда мұржаның құлауы және сыртқы температураның төмендеуі салдарынан цехтың қысымсыздануы", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта импульстік түтіктер жылытылғаны, ЖЭО-2-де үш қазандық жұмыс істеп тұрғаны хабарланды. Төртінші қазандық жағыла бастады, жақын арада бесінші қазандық агрегаты жұмысқа қосылуы тиіс.

Қазіргі уақытта желінің температурасы 45 градус, күн соңына дейін температура режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр. 

Еске салайық, бұған дейін Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы бір апат болғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети