Энергетика министрлігі Теңізде мұнай өндіру азайғанын мойындады

Энергетика министрлігі Теңізде мұнай өндіру азайғанын мойындады Фото: Теңізшевройл

Қазақстан Энергетика министрлігі Теңіз кен орнындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство мұнай өндірісінің уақытша азаюына әкеп соққан ақау шыққанын растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Энергетика министрлігі Теңіз кен орнындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство мұнай өндірісінің уақытша азаюына әкеп соққан ақау шыққанын растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейінді министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта компания қажетті жедел шараларды қабылдап жатыр және кен орнындағы өндіру процесі "қалпына келтіру сатысында".

"Қызметкерлер, халық және қоршаған орта үшін ешқандай қауіп тіркелген жоқ. Қазіргі жағдай Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында", – деп мәлімдеді министрдің кеңесшісі – энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.

Жарнама
Жарнама

Ал "Теңізшевройл" компаниясы өзі бұл ақауды "болмашы" деп сипаттап, егжей-тегжейін ашып айтпады.

Анықтама: "Теңізшевройл" (ТШО) ЖШС - Атырау облысындағы Теңіз және Королевское кен орындарын игерумен айналысатын мұнай-газ кәсіпорны. Қазақстандағы ең ірі мұнай өндірушілердің бірі. Компания өндіретін мұнайдың басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы экспортталады.

Теңіздегі басқа оқиғалар

18 қаңтарда Теңіз кен орнында өрт шықты.

Келесі күні "Теңізшевройл" компаниясы Теңіз бен Королевское кен орындарында мұнай өндіру тоқтатылғанын хабарлады. Арнайы комиссия құрылды.

26 қаңтарда Энергетика министрлігі Королевское кен орны іске қосылғанын хабарлады. 31 қаңтарда Теңізде мұнай өндіру қайта басталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама