Энергетика министрлігі елімізде жыл соңына дейін жылу мен жарық бағасының қандай болатынын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрлігі елімізде жыл соңына дейін жылу мен жарық бағасының қандай болатынын хабарлады © n71.ru

Жыл соңына дейін республикада жылу мен жарықтың бағасы көтерілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада өткен брифинг барысында Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов алдағы жылыту маусымына дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтты.

"Тарифке қатысты айтатын болсақ: (...) жыл соңына дейін тарифтер көтерілмейді. Себебі бұл тарифтер бұйрық бойынша және жыл соңына дейін бекітіледі", - деді Сұңғат Есімханов журналистердің теңге бағамындағы ахуалдың жылу мен электр қуатының тарифіне әсер ете ме деген сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, "қазіргі нарықтағы 2016 жылға жүргізіліп жатқан реформада оны (бағаны) көтеру жоспарланбаған". Есімхановтың айтуына қарағанда, "2016 жылы көтерме электр қуаты 2015 жылғы межеде болады".

Жалпы, Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының айтуынша, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары штаттық тәртіппен жүріп жатыр.

Өз кезегінде KEGOC АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев биыл қысты қазақстандықтар жылы пәтерлерінде өткізеді деп сендірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети