Энергетика министрлігі вице-министр Сәдібековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Ғани Сәдібеков. © pm.kz

Энергетика министрлігіні? ?кілдері вице-министр ?ани С?дібеков пен Шы?ындар департаментіні? директоры Н?рбековты? ?сталуына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Энергетика министрлігінің өкілдері вице-министр Ғани Сәдібеков пен Шығындар департаментінің директоры Нұрбековтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Энергетика және байланыс министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл бюросының Шығындар департаменті директоры Нұрбеков пен вице-министр Сәдібековтің ұсталуы туралы хабарламасына байланысты жүргізіліп жатқан нақты іс-шаралардың қабылданғаны жайлы хабары жоқ екенін айтады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Министрлік өкілдері өздерінің қызметі барысында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерде нөлдік төзімділік принципін ұстанатындарын айтады.

Реклама
Реклама

Осылайша, Министрлік қызметкерлерінің жемқорлық құқық бұзушылық жасамауын алдын алу мақсатында жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы түсіндіру бойынша жүйелі түрде іс-шаралар жүргізіліп отырады.

"2017 жылы Министрлік пен оның аумақтық бөлімшелері жемқорлық қаупінің 11 ішкі сараптамасын жүргізді, сондай-ақ, жемқорлықпен күрес бойынша 10 бақылау жұмысын, 58 іс-шара жүргізіп, жемқорлықпен күресу үшін 7 стандарт ойластырды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Энергетика министрлігі тарапынан ешқандай да жемқорлық құқық бұзушылықтың болмағанын айта өту маңызды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері Энергетика министрлігінің толық және объектив баға беру үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл бюросына жан-жақты көмек беріп, сұраған материалдарға кедергісіз кіру қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ететінін айтады.

Еске сала кетейік, бүгін, 2 наурызда энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен бірнеше лауазымды тұлға жемқорлық дерегі бойынша ұсталған болатын. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі хабарлаған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама