02 наурыз 2018 14:54

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен бірнеше лауазымды тұлға жемқорлық дерегі бойынша ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинға сілтеме жасап.


Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен бірнеше лауазымды тұлға жемқорлық дерегі бойынша ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинға сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Энергетика министрлігінің бірнеше лауазымды тұлғасын ұстады. Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Дуанбек Д.-мен біріге отырып, бюджеттен аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырған. Ол қаражат Щучинск-Бурабай курорттық орнында өзенді тазалауға арналған қаражат болған. Осы қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Нұрбеков Ж. мен мердігер компанияның өкілдері Жұмалинов С. мен Қадырберлин Б. қатысқан. Сәдібеков қол қойған жалған актілердің нәтижесінде Энергетика министрлігі 2017 жылы орындалған жұмыстардың үлкен көлемі үшін 3,6 миллиард теңге төледі. Осы сомадан 1 миллиард теңгеден аса ақша қолма-қол төлемге айналдырылған. Тексеріс кезінде бұл ақшалар тәркіленді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

"2018 жылы өзен тазалауға бөлінген тағы 1,5 миллиард теңгені жымқыру дерегіне тосқауыл қойылды. Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады агенттік өкілі Нұрлан Жахин.


Ғани Сәдібеков. © pm.kz

Ғани Сәдібеков 1967 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Түрлі жылдары (12.2009 - 12.2010 жылдар)Жамбыл облысы әкімі аппаратында басшы қызметін, 2010-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 

Ал энергетика вице-министрі қызметіне 2016 жылдың 3 мамырында келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети