Энергетика вице-министрі тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© primeminister.kz © primeminister.kz

Сәбит Нұрлыбай ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сәбит Нұрлыбай ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Үкіметтің хабарламасында.

Сәбит Нұрлыбай 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын, А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін тәмамдаған. Мамандығы - инженер-механик, заңгер.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдардың құрылымында, оның ішінде ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде, ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінде, ҚР Парламентінің істері басқармасында және коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген.

1998-2004 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетте қызмет еткен.

2004-2009 жылдары Астана қаласының Тұрғын үй департаментінің директоры лауазымын атқарды; білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы; "ҚазТрансГаз" АҚ аппарат басшысы, бас директордың кеңесшісі ретінде қызмет атқарды.

2009-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болып еңбек етті.

2017- 2018 жылдары - ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы орынбасарының м.а., орынбасары.

2018 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Бұған дейін энергетика вице-министрі лауазымын Ғани Сәдібеков атқарды, ол ҚР Үкіметінің 10.08.2018 ж. қаулысымен қызметінен босатылды.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro