Энергия өндіруші ұйымдардың миллиардтаған қарызы туралы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергия өндіруші ұйымдардың миллиардтаған қарызы туралы белгілі болды Фото:depositphotos.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев энергия өндіруші ұйымдардың миллиардтаған қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев энергия өндіруші ұйымдардың миллиардтаған қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы кезінде сөйлеген сөзінде Сатқалиев энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегі маңызды мәселе екенін мәлімдеді.

"Энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы берешегі 24 миллиард 695 миллион теңге болады. Сондай-ақ, энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" ЖШС алдында 6 миллиард 029 миллион теңге сомасында берешегі бар. Энергия кәсіпорындары бойынша берешек слайдта көрсетілген. Энергия кәсіпорындары берешекті өтеуді жеделдетуі қажет", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Энергетика министрлігі слайдынан

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети