Тараздағы көпқабатты үйдің жарылысына куә болғандар КТК пен Еуразия-Бірінші арнасына трагедия туралы толығырақ айтып берді. Олардың айтуынша, зардап шеккендерді жарылыстан аман қалған көршілері мен сол жақтан өтіп бара жатқан адамдар алып шыққан.
Тараздағы көпқабатты үйдің жарылысына куә болғандар КТК пен Еуразия-Бірінші арнасына трагедия туралы толығырақ айтып берді. Олардың айтуынша, зардап шеккендерді жарылыстан аман қалған көршілері мен сол жақтан өтіп бара жатқан адамдар алып шыққан.
"Біз көрші подъезде тұрамыз, жарылыстың қатты даусынан оянып кеттік. Жер сілкінісі екен деп ойладық. Жарықты қосып, қарасақ - барлық терезе, есіктер сынған, кіретін есік мүлде жабылмай тұр", - деп еске алды Ольга Ляхова.
"Жарылыс қатты болды, соның салдарынан бәріміз оянып кеттік. Бір ата көмек сұрап жатқанын естідім. Біз үшеу едік, жүгіріп бардық. Адамдар бетон астында қалып қойғанын көрдік. Бетонды көтеріп, бір әйелді алып шықты, кейін бір ер адамды көтеріп шығарды, ол қайтыс болған екен", - дейді Аңсар Дәулетов.
"Бәрі таңғы 7:20 шамасында болды. Қатты жарылыс естідік. Терезе ұшып кетті. Айғай, у-шу болды. Әйелім мен баламды жатын бөлмеге апарып тастадым. Өзім далаға жүгіріп шықтым. Мұнда күзет көлігі тұр екен. Қызметкері жарады, бірден көмектесе кетті. Бір ер адам балконнан айғайлап жатты. Бәрінде үрей болды", - дейді Илья Василенко.
Еске салайық, Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылыс 27 ақпанда таңда болды. Нәтижесінде екі әйел мен бір ер адам қайтыс болды, тағы алты адам жарақаттанды. 14 жасар қыз басын жарақаттаған, ал 65 жастағы ер адамның денесінің 50 пайызы күйген. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жарылыс болған екі подъездің тұрғындары уақытша ведомстволық пәтерлерге орналасты. Алдын ала тексеріс бойынша, жарылыс екінші қабаттағы газ құрылғысының ақауы салдарынан болған.
Таразда көпқабатты үйде болған жарылыс орнында түсірілген видео жарияланды