ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Меломан/MARWIN" компаниясының бас директоры Вадим Голенко. Ол сұхбат барысында арманы мен қорқынышы, өмірде қуана білу, қателігін мойындау, шындықты тыңдай білу және артыңнан өнегелі із қалдыру туралы әңгімеледі.
ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Меломан/MARWIN" компаниясының бас директоры Вадим Голенко. Ол сұхбат барысында арманы мен қорқынышы, өмірде қуана білу, қателігін мойындау, шындықты тыңдай білу және артыңнан өнегелі із қалдыру туралы әңгімеледі.
Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар. Жобаның серіктесі - Tele2 ұялы байланыс операторы.
Вадимнің айтуынша, өмірд қуана білу және оны ешқандай бос сөзбен бұзбау өте маңызды. "Өмірде рахат алатын нәрсе көп. Кейде кішкентай нәрсенің өзі, тіпті көшедегі жанжалдың өзі күні бойғы көңіліңізді бұзады. Өміріңізде қандай да бір нәрсеге көңілі толмай жүретін, сондай оқиғалардың алдын алу керек деп ойлаймын. Сол кезде өмірде көңіліңізді көтеретін кішкентай нәрселер көбейе түседі", - деді ол.
Сұхбат барысында жастардың кітап оқуға деген құлшынысы төмен екенін айтқан депуттар сөзі де талқыға түсті. "Біздің дүкенге келгендер кітап секторларында қаншама жас жүретінін көре алады. Жасөспірім кітап дүкенінде жүргенінің өзі, кітап тауарымен жүргені сол нәрсеге сұранысы бар деген сөз", - дейді жоба қонағы. Ол көп сатылатын кітаптарды да атады: бұл Абайдың "Қара сөздері". "Ол сатылымда Стивен Кингті сәл ғана озып тұрған жоқ, екінші орынды екі есе басып озады. Ал екінші орын деп отырғанымыз - "Гарри Поттер". Абай Құнанбаевтың еңбектері Гарри Поттерге қарағанда екі есе көп сатылады деп айтуға болады".
Сондай-ақ, Вадим өзіне жиі көңілі толмайтынын және мұндай қасиетін жаман деп санайтынын айтты: "Ішкі рефлексиям бар. Сондықтан көбіне көңілім толмайды. Ол кемшілік деп есептеймін. Үнемі талдау, іздеуді талап етеді. Кейде тежеліп қаламын".
Бала тәрбиесінде жоба қонағы, ең алдымен, адамды тәрбиелеу керек екеніне сенімді. "Ол ер адам бола ма, әйел бола ма, ұлты қандай, діні қандай, оған не қызық екені маңызды емес. Бастысы - адам болып қалу керек. Сол кезде жан-жағында қайырымды орта қалыптастыра бастайды. Өзі сияқты адамдарды тарта бастайды. Яғни үлгі көрсету арқылы ма, адамдар бір-бірін таба бастайды. Сол кезде олар көбейеді", - дейді ол.
Вадим де ер адам жылай алуы керек деп есептейді: "Егер ер адамдар жыламаса, ол табу болмас еді. Өз-өзіне қол жұмсау саны аз болар еді. Оның ішінде ер адамдар арасында. Стресс, инсульт аз болар еді. Мен жылаймын. Біз күлеміз де, жылаймыз да. Онда неге күлу қалыпты жағдай да, ал жылау дұрыс емес?", - дейді ол.
Қателіктерді де мойындай білу маңызды. "Яғни дауыстап айту керек. Ал егер біреудің алдында кінәлі болсаң, кешірім сұрай білу керек. Кешірім сұраған соң саған жаман нәрсе айтылуы мүмкін, ол шындық болатын шығар. Бірақ шындықты тыңдай білу, қатеңді мойындау - дұрыс жол", - деді жоба қонағы.
Вадимнің пікірінше, адамның міндеті - артында өнегелі із қалдыру: "Ол бір кең образ болуы мүмкін. Бірақ бүгінгі жағдай туралы айтсақ, әрине, ер адам өзінен кейін ағаш, үй емес, өнегелі із қалдыруы керек. Ол қолдануға келетін нәрсе болуы керек. Бар нәрсені жасау емес. Яғни өнегелі із қалуы керек".
Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы - erbatyrkz.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!