ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев: Коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев: Коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - танымал отбасылық дәрігер және педиатр Дмитрий Киреев. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен COVID-19-ға қарсы вакцина туралы ойын, неліктен фармкомпаниялармен жұмыс істемейтінін, посткеңестік және батыс медицинасының ерекшеліктері, сондай-ақ коронавирус отандық денсаулық жүйесінде қандай мәселелерді ашқанын айтады. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 16.30-да ВКонтакте желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Дмитрий Киреев - отбасылық дәрігер және педиатр, америкалық Отбасылық дәрігерлер қауымдастығының мүшесі (AAFP), курстардың авторы және дәрігер Киреевтің Отбасылық медицина мектебінің бас сарапшысы, дәлелді медицина туралы Insta-блогтың авторы, шамамен 130 мыңнан аса оқырманы бар. Сондай-ақ ол ультрамарафоншы IRONMAN-ның үш дүркін қатысушысы. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейінгі жоба қонақтары Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Сандар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев. 

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети